Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында Жамбыл
облысының аумағында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара мақсаты – әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, тұрмыстық салада жанжалды болдырмау.
Жамбыл облысының Полиция департаменті, Сіздерден профилактикалық іс-шара барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеуді, шетелден келген азаматтарды тез арада хабарлауды, полиция қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста болуларыңызды сұранады!