Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда өндірілген жіп агроқұрылымдардың кәдесіне жарап тұр

0 206

«TarazPlastic» ЖШС зауытынан шыққан жіпті шөп тайлауға, баулауға, ағаш бұталарын бууға, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да мақсаттарына пайдаланылуға болады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Тараз қаласындағы серіктестік ауыл шаруашылығы саласында жоғары сұранысқа ие жіптің бірнеше түрін өндіреді. Серіктестік директоры Бибігүл Омарованың айтуынша, агроқұрылымдардың сұранысына қарай кәсіпорында арқандар мен жіптер дайындалады.

«Қандай да бір өнімді шығармас бұрын, біз алдымен оған деген сұраныстың бар-жоғын зерделеп алып, жоспарлаймыз. Негізінен мал шаруашылығына арқан, егін шаруашылығына жіп өндірісін жолға қою идеясы құрылтайшылардан басталды. Олар облысымыз бен басқа өңірлердегі қожалықтардың сұранысын зерделей келе, осы қадамға барды. Сөйтіп 2019 жылы кәсіпорын жанынан арқан, жіп цехтары ашылды. Бізде жіптің ондаған түрі өндіріледі. Шикізат қорын да жасап алдық», – дейді Бибігүл Мырзағалиқызы.

Кәсіпорын бірнеше ондаған адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік құрылтайшылары бұл жобаны жүзеге асыру үшін «Даму» қорынан несие алған.
«Зауытқа қажетті құрал-жабдықтарды шет мемлекеттерден сұрастырып, Үндістаннан таптық. Ол құрал-жабдықтарды әкеліп орналастыру үшін 150 миллион теңге қаржы қажет болды. Бұл істе бізге «Даму» қорының көп көмегі тиді», – дейді серіктестік директоры.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.