Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда биыл 4410 азамат «Бастау бизнес» курсын оқыды

0 276

   Биыл Жамбыл облысында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 4 000 адамды оқыту жоспарланған. Кейін олардың саны 410-ға ұлғайтылды, себебі әлеуетті қарыз алушыларды да оқыту керек болды. Осылайша, барлығы 4 410 азамат кәсіпкерлік негіздерін біліп шықты, оларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Қосымша қазан айында 100 тыңдаушы оқуға кірісті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев айтты. Ол жыл басынан бері 3 780 жобаны гранттық қаржыландыру үшін 2,2 млрд теңге бөлінгенін айтты. «Еңбек» бағдарламасымен «Бастау Бизнес» түлектерінің 385-сі 1,5 млрд теңге көліменде жеңілдетілген несие алған. Алайда, 2021 жылы «Бастау Бизнес» курсын оқығандар тарапынан наразылық бар. Өйткені, гранттар алуға конкурс алғашқы жартыжылдықта өтіп кеткен. Яғни, грант алған 1 088 түлектің 505-і ғана биыл сертификат алған.

«Бүгінде Business.enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай порталын құру жоспарлануда. Онда әрбір қатысушы ХЖҚО немесе кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы авторизациялана алады. Содан соң тиісті қолдау шараларын таңдап, қажетті құжаттарды тіркей отырып, нысан бойынша өтінім береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша микроқаржы ұйымы арқылы кредит береді. Бұл бағытта 22 млрд теңге бөлінсе, Жамбыл облысына 1,8 млрд теңге қаралды.

«Бастау Бизнес» тыңдаушыларынан жалпы құны 1,969 млрд теңгеге 329 өтінімді қабылданды, қазіргі кезде 764 млн теңге сомасына 144 өтінім мақұлданды. 949,3 млн теңге қаржыны құрайтын 185 өтінім қаралуда», – деді Еркін Садуахасұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.