Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап шықты

0 329
 Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев @saparbayev_bm Тараз қаласын кезекті рет аралап шықты.
«Анаға тағзым» орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Орталық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынуда. Мердігер мекеме – «Елім-Строй» ЖШС. Ғимараттың алдына аналардың құрметіне ескерткіш орнатылады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша үш қабатты ғимараттың барлық залы, дәлізі ұлттық стильде безендірілген. Мұнда жас және көп балалы аналар үшін түрлі курстар, «Мирас» экспозициялық залы ашылады. Онда ұлттық салт-дәстүрлер барынша насихататалатын болады. «Береке» аспаздық студиясы, «Бойтұмар» дизайн студиясы, «Алқа» аналар даңқы галереясы, «Қазына» ұлттық аспаптар кабинеті, «Сырғалым» қыздар клубы, «Жан дауа» кабинеті, психологиялық көмек көрсетілетін «Ерке сылқым» хореография мектебі ашылады. «Анаға тағзым» орталығы алғашқы келушілерін қыркүйек айының соңында қабылдайды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.