Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ табылды

0 286

Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаменті полицейлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Оның барысында зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған жасырын қойма табылды.

Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Аноним қалатынына кепілдік беріледі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.