Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында жылу энергиясының тарифтері төмендетілді

0 227

Жамбыл облысында 2022 жылдың 1 қазанынан бастап тұрғындар мен ұйымдар үшін жылу энергиясының тарифтері төмендетілді.

Тараз қаласы прокуратурасының талдауымен «Жамбыл жылу» МКК монополистінің әрекеттерінде бұзушылықтар анықталды, яғни табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып, тарифтік сметада негізсіз көтерілген шығыстар көзделген.Тараз қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша тұтынушыларға жылу энергиясының тарифтері 1 шаршы метр үшін 16%-ға дейін 88,89-дан 74,09 теңгеге (үйге ортақ есептеу аспаптары барларға 1 Гкал үшін 2703,17-ден 2246,31 теңгеге, есептеу аспаптары жоқтарға 1 Гкал 3425,28-ден 2854,86 теңгеге) төмендетілді.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.