Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды

0 218

Наурызда Жамбыл облысы Мерке ауданы «Андас батыр» әскери заставадан ізі-қайым жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердешовтың денесі Қырғызстаннан табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жайында тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде мәлімдеді.

«Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді» деп жазылған журналистің жазбасында.

Оқиғаның нақты қашан және неге болғанын арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.

«Небәрі 18 жасар жігіт бір үйдің үлкені, бір үйдің үміті еді… Артында аңырап анасы, тау басында есеңгіреп ауру әкесі қалды. Қазалыдағы үйінде 2 інісі мен 2 қарындасы Ұлықбек ағам әскерден келеді деп күтіп отыр», – деді Г. Әбіқай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.