Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2439 күдікті полицияға жеткізілді

0 125

Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2439 күдікті полицияға жеткізілді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 425-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 175 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 198-іне ескерту берілген), 45-іне қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 154-ке жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар).

Оның ішінде 47 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 5 «Сайга» карабин, 23 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 1 гранатомет РПГ,  1 шағынкалибрлі винтовка, 31 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам түрлі дене  жарақаттарын алып, қазіргі таңда оның 23-і ауруханаларда жатыр.

15 адам қайтыс болды (2-і ПД және ҰҚКД қызметкері, қалғаны бүлікке қатысушылар).

Бүлікшілерді анықтау, құрықтау бойынша құқық қорғау органдарының (Прокуратура,  Ұлттық қауіпсіздік, Полиция қызметкерлері)  қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу топтары тарапынан арнайы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2034 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.