Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 25 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды

0 187

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында былтырғы жылы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашты.

Полицейлер өткен жылғы 15 желтоқсанға қараған түні жалпы құны 11 миллион 550 мың теңгені құрайтын 25 бас жылқыны ұрлаған 52 жастағы Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жылқыларды Шу ауданы Алға ауылына қарасты жайылымнан жасырын түрде айдап әкеткен. Алайда мал иелері бұл туралы полицияға тек бір жарым ай өткен соң ғана хабарлаған.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Осы орайда, тұрғындарға қылмысты «ізін суытпай» ашудың маңызды екендігін айтқым келеді. Қылмыс туралы полицияға дер кезінде хабарлау күдіктілерді жедел анықтауға және ұстауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.