Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 2 жасар сәби пойыз астына түсіп, көз жұмды

0 274

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде сәби темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған.

«Трагедия орын алған кезде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, отбасы темір жолға жақын маңда тұрады», – деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

ҚТЖ көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.