Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 1  173

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы болып тағайындалды

Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы 1980 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.

2003 жылы Әулие-Ата университеті «Тарих және география» біліктілігін алған, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі атанған, 2020 жылы ҚХР Бейжің педагогикалық университетінде «Экономика және білім беруді басқару» мамандығы бойынша PhD докторлығын қорғаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы М. Горький атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің тәжірибе меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, 2016-2020 жылдары ҚХР Бейжің қаласы Бейжің педагогикалық университеті профессорының ассистенті, «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының бас сарапшысы, 2020-2021 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Білім беру мектебінің деканы.

2021 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.