Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы – екінші орында!

0 234

Онжылдықтың саяси науқаны халық санағы аяқталды. 1 қараша күні халық санағы ресми түрде жабылғанымен, қазір ғаламтор желісі тартпайтын және шалғай елді мекендерде соңғы нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Десе де, Ұлттық статистика бюросының аралық қорытындысы жарияланды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

28 қазан күнгі нәтиже бойынша облыс орталықтарының ішінде Түркістан қаласында бірінші болып халық санағы аясында үйлерді аралау жұмыстары аяқталған. Мұнда 220 553 респондент сауалнамадан өткен. Тұрғындарды қамту көрсеткіші – 118 пайыз.

Ал еліміздегі жалпы жағдай бойынша халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 663 838 адамға немесе 98,1 пайызға жеткен. Қамту көрсеткіші бойынша Алматы қаласы 108,9 пайызбен көш бастап тұрса, Жамбыл облысы 102,2 пайызбен екінші орында тұр. Қалған орындар Алматы (102,1%), Түркістан (101,5%), Шығыс Қазақстан (101,1%) облыстары мен Шымкент (101,4%) қаласы арасында қалыптасқан.

Сауалнама кезеңін аяқтаған елді мекендерде нақтылау шаралары қосымша жүргізілетін болады. Сондықтан өңірлерде санақ жұмыстары толық аяқталған жоқ. Нақтылау шаралары 8 қарашаға дейін созылмақ. Содан кейін барып Ұлттық санақтың толық қорытындысы шығады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.