Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданында асарлатып салынған 17-ші баспана берілді

0 173

  Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы облыс көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ұмыт болған сауабы мол дәстүрді қайта жаңғыртқан аймақ басшысы тұрғындардың ауызбіршілігін күшейтіп, өзара мейірімділікті арттырды.

Нәтижесінде, өткен жылы Жамбыл ауданда асарлатып салынған 10 үй берілсе, биыл 6 үйдің есігі мұқтаж деп танылған отбасыға есігін айқара ашты.
Ал бүгін Шайқорық ауылындағы аз қамтылған отбасы жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатын болды.
6 бөлмелі үйдің еңсе тіктеуіне «Aр рашид руханият» қоғамдық бірлестігі және ауыл кәсіпкерлері мен жомарт жандары 8 млн теңге жинап, отбасына қуаныш сыйлап отыр.

Отбасының қуанышына ортақтасуға келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараев үй иесі Дінмұхаммедке баспана кілтін табыс етіп, ақжарма тілегін білдірсе, ауылдың қадірлі ақсақалы Орынбай Рысбаев ақ батасын берді.

Йә, үйдің еңсе тіктеуіне ауыл әкімі Бақыт Садырбаев үлкен үлес қосып, ауылдың басын қосып, игі істі аяқтауға жұртшылықты шақырған.
Таразыда салмағы мол амалға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.