Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жайылымдық жерлердің жай-күйі талқыланды

0 163

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев бос жатқан жайылымдық жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын.

Бұл мәселені шешуге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған«TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңы да белсене атсалысуда. Олардың басты мақсаты – қоғамдағы түйткілді мәселелерді, халықтың проблемаларын қозғап, оның шешілуіне ықпал ету.

Жуырда «Аманат» партиясы облыстық филиалында ауылдардағы мал жайылымдық жерлердің тарылу мәселесі талқыланды. Басқосуға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық мәслихатының депутаты, «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев қатысты.

Әуелі сөз алған Дауыл Ынтықбайұлы кездесудің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Жер атабабадан келе жатқан басты байлығымыз. Бүгінде халқымыздың тұрмыстық  жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Соған байланысты мал саны көбейіп, жайылым мәселесі өзекті болып отыр.Сондықтан осы мәселені  бір ретке келтіріп, шешімін табуымыз керек. Ол үшін ауылдардың айналасындағы 5 шақырым жерді жергілікті атқарушы органдарға беруіміз қажет. Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, – деді партияның атқарушы хатшысы.

Жиын барысында өзге де қатысушылар көкейдегі сауалдарын, пікір алмасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.