Ауқымды «Мектепке жол» акциясы биыл Балалар жылына орай «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатқаны белгілі. Шараға еріктілер, бизнесмендер, меценаттар және түрлі мекемелер, орталықтар белсене атсалысуда.
Акция аясында шаһардағы оқушылардың тізімі мектептерден жинақталып, қала әкімі тарапынан демеушілерге таратылып берілген болатын. Жалпы сауапты шараға 189 мекеме қатысқан.
Биыл елімізде киім-кешек пен аяқ киім бағасы 10 пайызға өскен. Мұның салқыны мектепке дайындық науқанына тиіп отыр. Осыған орай қашанда сауапты істің басы-қасында жүретін, Сарысудан самғап ұшқан, өңірлік мәслихаттың депутаты, «DVERI CITY» ЖШС директоры, жаңатастық жас Досбол Жылқыбаев «Мектепке жол» акциясы аясында 181 балаға көмек беріп, көпке үлгі көрсетті. Атымтай азамат өзі білім алған М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясынан бастап, ауданға қарасты әр ауылдағы 20-дан астам білім ошағындағы балаларға мектепке қажетті сөмке мен 19 түрлі оқу құралдарын сыйлаған азаматқа ауылдастары да дән риза.
Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ