Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік қағидасын сақтайық!

0 469
Тараз қаласы аумағында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметкерлері мен атқарушы органның өкілдері бірлесіп, халық көп жиналатын орындар мен пиротехникалық өнімдерді пайдаланатын жерлерге рейд жүргізуде. Рейд барысында қала тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық заттарды қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша, сонымен қатар пиротехника өнімдерін тек арнайы сертификаты бар дүкендерден ғана сатып алу керектігі түсіндірілді.
Атап өткен жөн, рейд барысында полиция қызметкерлері анықтаған пиротехникалық заттарды заңсыз сату фактілеріне сәйкес, 59 әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру, ақпараттандыру, хабарландыру жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.