Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа құжат сот жүйесіне тың серпін берді

0 253

Ел тәуелсіздігінің 30 жылында сот саласында да әлемдік талаптарға сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптастыру бағытында үздіксіз реформалар жүргізілді. Заңның әділ үстемдігін қамтамасыз етіп, халықтың сот төрелігіне сенімін арттыру, сот билігінің беделін көтеру, кәсіби білікті судьялар корпусын қалыптастыру, біркелкі болжамды сот тәжірибесін орнықтыру, сот актілерінің сапасын көтеру, соттардың жүктемесін төмендету, судьялардың істерді қарау кезінде белсенділігін арттыру – қазіргі реформалардың басты бағыты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков айтты. Ол соттарға түсіп жатқан барлық корреспонденциялар «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне тіркелетінін жеткізді. Қазір арыз-шағымдарды интернетпен «Сот кабинеті» арқылы үйде отырып та беруге болады және оның қаралу қозғалысын бақылауға мүмкіндік бар.
«Судьялардың қарауына берілетін істер автоматты түрде бөлінеді, оған араласуға жол берілмейді. Цифрландыруды қарқынды жүргізудің арқасында соттар былтырдан бері істерді онлайн форматта қарауға заңнамалық және техникалық жағынан дайын екендерін көрсетті. Барлық іс іркіліссіз, заңмен анықталған мерзімде қаралады. Облыстық соттардың алқа төрағаларын конкурстық іріктеу енгізілді. Олардың өкілеттіктері екі мерзіммен шектеледі. Азаматтық процесте соттың рөлі күшейе түсті. Судьяға істің мән-жайын жан-жақты, толық анықтау үшін белсенділік көрсету өкілеттігі берілді. Судья тараптар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, тараптар ұсынбаған дәлелдемелерді талап етуге, тараптармен істің мән-жайын талқылауға, процесс барысында дәлелдерге өз пікірін айтуға құқылы», – деді спикер.

Жомарт Қауасұлы биылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгенін еске салды. Кодекске сәйкес, бірінші сатыдағы соттарда мамандандырылған әкімшілік соттар, облыстық және оған теңестірілген соттарда, Жоғарғы сотта әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары құрылған. Жаңа құжат сот жүйесіне, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне тың серпін берді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.