Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жағаға шығарып, өзі есінен танып қалған»: ШҚО-да әскери суға батқан баланы құтқарды

0 168

Шығыс Қазақстан облысы, Үлбі елді мекенінде әскери қызметкер суда тұншыққан 6 жасар баланы құтқарамын деп өзі де ажал құша жаздады. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінен хабарланды.

Ефрейтор Тілек Құмарбеков соңғы күшін жұмсап, баланы жағаға алып шыққан. Артынша өзі есінен танып қалған. Аталған оқиғадан кейін жергілікті халық оны батыр деп санайды.

«Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, Тілек тасқынды өзенге секіріп, баланың қолынан ұстап жағаға алып шықты.

Ол суға тұншығып, баланы құтқаруға соңғы күшін жұмсады. Одан кейін әскери есінен танып қалып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта әскеридің жағдайы бірқалыпты», – деді Қазақстан Ұлттық гвардиясы «Шығыс» әскери бөлімшесінің басшысы Бағдат Амангелді.

Алдағы уақытта Ұлттық гвардия батырды марапатқа ұсынбақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.