Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәрмеңке жұртшылық көңілінен шықты

0 130

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке осы сенбі күні де жалғасын тапты. Шаһардағы «Grand bazaar» сауда кешенінде өткен шараға Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Жәрмеңкеде жалпы құны 34,4 миллион теңгені құрайтын 56,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 9,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3 тонна шұжық, 3,3 тонна сүт, 0,5 тонна кондитерлік, 3,4 тонна макарон, 32,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері және 0,4 тонна тұз, 0,6 тонна балық, 6 мың дана жұмыртқа, 2 тонна ұн, 1,2 тонна бал бар.
Жәрмеңкедегі бағаға жұртшылық та дән риза болып тарқасты.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.