Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деген алаяқ 3 рет несие рәсімдеп алған

0 124

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының тұрғыны жүргізуші куәлігін оңай жолмен аламын деп алаяқтың арбауына түсіп қалды. Куәлікті жасап беретінін айтқан ер кісі жәбірленушінің атынан үш рет несие рәсімдеп, сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Жәбірленушінің айтуынша, биыл тамыз айында ер кісімен танысады. Әңгіме барысында ол жүргізуші куәлігін тез арада жасатып бере алатынын айтып, әбден сендірген.

Осыдан кейін жәбірленуші бейтаныс ер адамға жеке куәлігінің көшірмесі мен ол қызметі үшін 250 мың теңге берген. Алайда 1 апта ішінде бітеді деген жалған уәде 2 айға созылған. Не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін тұрғын полицейлерден көмек сұраған.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жедел тергеу тобының іздестіру жұмысының нәтижесінде бұрын соттталған жергілікті тұрғын анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 250 мың теңгесін алып қана қоймай, оның жеке куәлігін пайдаланып үш рет несие рәсімдеп алған. Жалпы шығын көлемі — 3 миллион теңге.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.