Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жұмыстан шығарамын деп қысым көрсетеді»: Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

0 299

Басшыларымыз қысым көрсетті деген алматылық жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметкерлері директор Ербол Сәрсенбаев жұмысшыларға жағдай жасамай отырғанын алға тартты. Ол қызметкерлерді арнайы киім мен көлікке қажет бөлшектерді өз қалталарынан сатып алуға мәжбүрлеген. Қарсылық танытқандарын жұмыстан шығарған.

Жиналғандар басшыларының қысым көрсеткенін айтып, БАҚ өкілдеріне шағымданды. Қазіргі директор көлікке қажет құрал-саймандар мен бөлшектерді өзімізге алғызады дейді.

“Қажетті бөлшектер бәрін сатып алғанымыз шын. Өзіміз жөндеу жасаймыз. Қолымызда чектерге дейін бар. Ешқайсымызда арнайы киім деген жоқ. Бізге айтады сатып алыңдар дейді спец.одежданы. Отыз пайызға көтерілген де жоқ. 100-120 мың ғана шамасында алып отыр”, – дейді жедел-жәрдем жүргізушісі Асхат Шарипов.

Қолдарында қанша қаражат жұмсағандарын көрсететін түбіртек те бар көрінеді.

“Қолымызда 1-1,5 млнға дейін чегіміз бар. 12-ші подстанцияның өзі сондай түбіртек боп тұр. Бізді қыспаққа алды. Сол қыспаққа алғанын біз қағазбен жаздық. Әкімшілікке де бардық”, – дейді тағы бір қызметкер Кенжеболат Есімсейітов.

Мәселені көтергендер  қудалауға ұшырағанын да жеткізді.

“Президентке жазған хатқа да қол қойдық. Бірнеше адам 80 адамдай қол қойдық. Біз деген қудаланып жатырмыз кәдімгідей. Қол қойған адамдарды жауапқа тартып  жатыр, не себепті қол қойдыңыздар деп”, – дейді фельдшер Жазира Таубазарова.

Ал медициналық жедел жәрдем қызметінің директоры жұмысшылардың сөзін жоққа шығарды. Тіпті құзырлылардың өзі қызметкерлердің арыз-шағымына байланысты тексеру жүргізді дейді.

“Өтініште көрсетілген барлық деректерді анықтау мақсатында қала әкімдігі, партиялықтар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізді. Онда жазылған айғақтар негіссіз деп танылды. Мен ешкімді заңсыз жұмыстан қумадым. Келтірілген шығындар жөнінде де барлық құжаттарымыз бар”, – дейді медициналық жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.

Осылайша қызметкерлерінің арызын негізсіз деген Ербол Сәрсенбаев қазір Полицияға арыз жазған. Жұмысшыларым жалған жала жапты деген ол істі аяғына дейін жеткізуді көздеп отыр. Ал қалалық ПД аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Яғни 274-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.