Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұбайының басынан шерткен жігіт жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

0 471

Әлеуметтік желіде бір-бірінің басынан ұрған жас-жұбайлардың видеосы тарап кетті.

Жарасымды жұп өз үйлерінде ойын ойнап, онысын камераға түсіріп тұрған. Өздері түсірген видеода отбасы мүшелері «су ли фа» ойынын ойнап отырады. Кенет кезекті жеңісін келіншегінің басынан ұру арқылы «атап өтпек» болған отағасы жұбайын отырған жерінен ұшырып жібере жаздады. Қарулы қолының саусақтарын керіп, әйелдің төбесінен қойып қалған жігітті желі қолданушылары жерден алып, жерге салды.

Видеоға қатысты интернеттегі аккаунт иелері «Масқара! Жай ұрса болар еді ғой», «Еркекте ми болмаса – осы», «Ер азаматтар әйелдің жанын темір көре ме?»  деген секілді пікір қалдыруда.

Енді бірі видеодағы азаматты Еркін Рақышевтің «Жаралы сезім» фильміндегі басты кейіпкерлердің біріне ұқсатқан.

Қалай десек те, күйеуінің әрекетіне келіншегі күлгеннен басқа жауап қатпады. Соған қарағанда, отбасылық видеоны түсірер алдында екі тарап ренжіспеуге келісіп алған сияқты.

 turkystan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.