Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды

0 304

Шымкентте құрылыс алаңында жалдамалы жұмысшыны бетон плита басып қалды. 37 жастағы жігіт сол жерде көз жұмды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бағаналарға бекітілген бетон жабын кенеттен құлап кеткен. Осы кезде сонда болған ер азамат қашып үлгермесе керек.

Мамандар бетон астынан мәйітті алып шығу үшін кинологтың көмегіне жүгінген, деп хабарлады «Астана» арнасы.

«Құтқарушылар бұрынғы «көкөніс базасының» аумағында «Кулиев» ЖК тиесілі сауда үйін салып жатқанда төбе жабынының бетон плиталары құлап кеткенін анықтады. Оқиға орнында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тумасы 1985 жылы туған азамат көз жұмды», – дейді Шымкент ТЖД құтқару жасағының жетекшісі Орынбасар Төртбаев.

sputnik.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.