Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзге ұлттан қызғандым» – қазақ қызын ағылшындарға ұзатқан асаба

0 159

Әлеуметтік желіде ағылшын жігіті Марк пен оралдық Гүлназ есімді қазақ қызының тойы талқыланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

«Той тізгіндеу тарихымда түрлі қуаныштың куәсі болып жүрміз! Бүгін қазақ қызын ағылшындардың шаңырағына ұзату бұйырыпты. «Билл құда мен Карен құдағи елімізге келмес бұрын, ата-салтымызды толық зерттеп, дәстүріміздегі жоралғыларды жасап келген екен» десті жиылған жұрт! Қыз карьера деп келіндік міндеттен қызметтік мансапты жоғары қойып, жылдарды артқа тастап, жеті жұрттың тілін біліп, жеті елдің ілімін игерген екенін ұқтық. Өзгенің тағдырына төреші біз емес, десе де қазақ қызын өзге ұлттан қызғандым!» – деп жазды екі ұлт өкілінің тойын жүргізген асаба Нұржан Аташ.

Ол әлеуметтік желідегі жабасын ой саларлық сауалмен түйіндеді.

«Неге осындай тенденция белең алып барады? Қыздар жөні түзу жігіт жоқ десе, ұлдардың сүюге лайық Жібек жоқ деуі нендей қасірет?» деп жазды той тізгінін ұстаған жігіт.

Оның бұл жазбасын қолдағандар да, даттағандар да табылды.

«Басқа ұлтқа тұрмысқа шығып кеткен қыздардың намысы жоқ. Қазақтың қыздары қазаққа тұрмысқа шығып, қазақтың санын көбейту керек. Өлсем де басқа ұлтқа қызымды бермес едім. Басқа ұлтқа шығамын десе өз қолыммен өлтіре саламын. Намысты болу керек. Қыздарымызға дұрыс тәрбие беру керек. Жастайынан намысшыл, өз Отанын, өз ұлтын сүйетін етіп тәрбиелеу керек. Осындайларды көрсем, намысым келеді», – деді Сұлтан есімді интернет қолданушысы.

Енді бірі «Сенің не жұмысың бар?» деп асабаға килікті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.