Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзенмұнайгаз» бас директоры тағайындалды

0 154

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев «Өзенмұнайгаз» компаниясының активімен кездесіп, ұжымға жаңа бас директорды таныстырды деп хабарлады turkystan.kz.

Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров 1970 жылы туған.

1992 жылы мұнай мен газ ұңғымаларын эксплуатациялау механигі мамандығы бойынша Жаңаөзен мұнай мен газ колледжін бітірген.

1999 жылы мұнай мен газ кен орындарын игеру инженері мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

1992-2000 жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ-2 жетекші инженер-геологы, мастері, операторы, МГӨЦ-8 бастығының орынбасары, «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ-1 МГӨЦ-2 бастығы;

2000-2002 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ ТӨБ бас инженері, МГӨБ-2 директорының орынбасары, ҰКЖ және бұрғылау департаментінің жетекші инженері;

2002-2008 жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ-1 және МГӨБ-3 бас инженері, МГӨБ-2 және МГӨБ-4 бастығы;

2008-2013 жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ-2 бастығы, кәсіби комитет төрағасы;

2013-2016 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры;

2016-2017 жылдары «Қазмұнайгаз» БӨ басқарушы директоры;

2017-2019 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт пен әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары;

2016 жылдың 24 наурызынан бастап Маңғыстау облыстық мәслихатының алтыншы шақырылым депутаты;

2019 жылдың 4 қыркүйегінен бері Жаңаөзен қаласының әкімі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.