Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Зекет» қорының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

0 536

Қаржы мониторингі агенттігі 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен екі азаматқа іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер А.Б. Жексенғалиев пен Қазақстан азаматы Е.К.Медетбековке іздеу жариялайды. Олар 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл алдын ала келісу арқылы бір топ адаммен аса ірі мөлшерде ақша ұрлау», –  делінген агентік хабарламсында.

Іздестістіріліп жатқан жайлы қандай да бір ақпарат болса, агенттіктің  +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына хабарласыңызға болады.  Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайына барып, ақпарат берсеңіз болады.

Күдіктінің мекенжайы, қай жерде жүргені туралы нақты және шынайы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы беріледі. Ақпарат берген адамның аты-жөні жария етілмейді.

Еске салсақ, Әнуарбек Жексенғалиев «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігінің директоры болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.