Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үздіктер анықталды

0 346

    Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаменті үздік пробация қызметкеріне байқау өткізді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың қорытындысы бойынша пробация қызметінің үздік қызметкері атағына кәсіби шеберлік конкурсын өткізді. Байқау екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде – кандидаттарды іріктеу аумақтық пробация қызметтерінің қатарынан жүзеге асырылды, қызмет нәтижелері негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланды, онда бағалау көрсеткіштері жоғары 27 қызметкер таңдалды.
Екінші кезең – арнайы, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша тапсырманың орындалуымен бағаланды. Нәтижесінде Жамбыл аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Азат Ақмолдаұлы жеңімпаз атанды, ол ең көп балл жинап, конкурста бірінші орын алды және ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаевтың грамотасымен марапатталды.

Пробация қызметі жазасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тартылған және тиісті аумақта тұратын адамдарды бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, жазаға тартылған адамдарды бақылауда ғана емес, оларды қоғамда одан әрі әлеуметтендіруге көмек көрсетеді. Пробация қызметінің қызметкерлері жұмыссыз тұлғалар үшін жұмыс іздеу, құжаттарды қалпына келтіру, жинау, сондай-ақ әлеуметтік көмек алу бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.

Ақмолдаұлы Азат, пробация қызметінде 2010 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, өзінің кәсіби қызметінде елеулі табыстарға қол жеткізіп, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқарып, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдаланады. Өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету шеңберінде жасалған жеке бағдарлама негізінде сотталғандарға тегін медициналық көмек көрсетуге, білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға және құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді. Бұл көмек сотталғандардың түзеу жолына түсу және қоғамның толыққанды бөлігі болуына үлкен моральдық міндеттер жүктейді.

ҚАЖД ПҚББ бастығы
әділет подполковнигі
Кабулова А. Т.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.