Қалалық қоғамдық-саяси газет

Залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

0 173

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жедел штаб құрылып, дезинфекция жұмыстарына бес мекеме мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилері тартылған болатын. Нәтижесінде күнделікті санитарлық жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Бұл жолы қала құрамындағы 11 аумақтық округінде залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылған топ Нұрсұлтан Назарбаев алаңында сап түзеді.
Қала аумағындағы санитарлық жұмыстарға 20-ға жуық арнайы көлік құралдары бөлінген. Ал аталмыш бес мекемеде 40-тан астам маман қызмет етеді. Бұдан бөлек, 100 әскери қызметкер санитарлық жұмыстарға үлкен күш болып отыр. Олардың барлығына ортақ мақсат – қала аумағындағы халық көп қатынайтын орындарды, дүкендер мен мекемелердің маңын, мөлтек аудандарды залалсыздандырып, індеттің алдын алу. Орталық алаңда қала әкімі Айтқазы Қарабалаев залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылған топтардың дайындығын бақылап, ондағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты.

– Бүгінде облыс және қала аумағындағы арнайы штабтар өз жұмыстарын жалғастыруда. Қалада карантин режимі енгізілген соң, тиісінше сақтық шаралары да күшейтілді. Дегенмен жүйелі жұмыстар жасалып жатқанына қарамастан, науқастардың саны артуда. Осыған қарап көп нәрсе қала тұрғындарына байланысты екенін анық байқауға болады. Сондықтан қала аумағында жеткізу қызметімен құзырында 38 көлігі бар «Ақ-Жол» такси компаниясы жұмыс жасайтын болады. Әрине, қазіргі уақытта тұрғындардың үйден шықпауы маңызды. Қала аумағында төтенше жағдай орын алса немесе тұрғындардың денсаулық жағдайы алаңдатса, дәрігерлер мен басқа да мекемелердің мамандары бар. Олардың арнайы көліктері де тәулік бойы тоқтамайды. Таксилерді тұрғындарға қажеттіліктерін жеткізу үшін қосып отырмыз. Төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсететін мекемелердің барлығы да санитарлық талапты қатаң сақтауда. Қазіргі уақытта дезинфекция жұмыстарында пайдаланатын арнайы сұйықтықтың да жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Мәселен, кеше дезинфекция жұмыстарына 22 тонна сұйықтық дайындалған. Енді осы жұмыстардың барлығын көріп отырған халыққа санитарлық талаптарды барынша сақтауын сұранамыз, – деді Айтқазы Дәулетқұлұлы.

Қала аумағында дезинфекция жұмыстары қажетінше жасалып жатыр. Ал тоқтаусыз бой көтеріп жатқан құрылыс нысандары мен өндіріс ошақтары санитарлық тазалықты қаншалықты сақтайды? Қала әкімі атап өткендей, мұндай компаниялар өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Ондағы әр жұмысшының денсаулық жағдайы бақылауда. Күнделікті жұмысқа келгенде және қайтарда денсаулық жағдайы тексеріледі. Сондай-ақ оларға құрылыс материалдарын жеткізуге де мүмкіндік жасалған. Бір сөзбен айтқанда, қала әкімі Айтқазы Қарабалаев жұмысы тоқтамаған нысандарда санитарлық талаптардың қатаң сақталып жатқанын, бұдан кейін дезинфекция жұмыстарының күшейтілетінін айтты. Тұрғындардан талап етілетіні – тек ел саулығына үйде отырып үлес қосу. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан ең үлкен көмек осы болып отыр.

дәрігерлер мен басқа да мекемелердің мамандары бар. Олардың арнайы көліктері де тәулік бойы тоқтамайды. Таксилерді тұрғындарға қажеттіліктерін жеткізу үшін қосып отырмыз. Төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсететін мекемелердің барлығы да санитарлық талапты қатаң сақтауда. Қазіргі уақытта дезинфекция жұмыстарында пайдаланатын арнайы сұйықтықтың да жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Мәселен, кеше дезинфекция жұмыстарына 22 тонна сұйықтық дайындалған. Енді осы жұмыстардың барлығын көріп отырған халыққа санитарлық талаптарды барынша сақтауын сұранамыз, – деді Айтқазы Дәулетқұлұлы.

Қала аумағында дезинфекция жұмыстары қажетінше жасалып жатыр. Ал тоқтаусыз бой көтеріп жатқан құрылыс нысандары мен өндіріс ошақтары санитарлық тазалықты қаншалықты сақтайды? Қала әкімі атап өткендей, мұндай компаниялар өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Ондағы әр жұмысшының денсаулық жағдайы бақылауда. Күнделікті жұмысқа келгенде және қайтарда денсаулық жағдайы тексеріледі. Сондай-ақ оларға құрылыс материалдарын жеткізуге де мүмкіндік жасалған. Бір сөзбен айтқанда, қала әкімі Айтқазы Қарабалаев жұмысы тоқтамаған нысандарда санитарлық талаптардың қатаң сақталып жатқанын, бұдан кейін дезинфекция жұмыстарының күшейтілетінін айтты. Тұрғындардан талап етілетіні – тек ел саулығына үйде отырып үлес қосу. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан ең үлкен көмек осы болып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.