Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қос су ұңғымасы саябақты тіршілік нәрімен қамтиды

0 222

Биыл қаланы көгалдандыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл бағытта облыс орталығында жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Айталық, «Ұлы дала» шағын ауданындағы саябаққа 5000-ға жуық тал егу жоспарланған. Осы кезге дейін 2500-нан аса тал-дарақ отырғызылды.
Әрине, бұл талдарға уақытылы күтім жасап, суғарып тұру да – аса маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта қазір саябақ аумағынан екі су ұңғымасын бұрғылау көзделген.

Бүгінгі күні бір су ұңғыманы бұрғылау жұмыстары басталып кетті. Енді аталған жұмыстар толығымен аяқталған кезде осы арнайы бұрғылынған ұңғымалар арқылы егілген дал-дарақтарға арнайы су жүйесімен тіршілік нәрі жіберілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.