Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһар көшелерін гүл көмкерді

0 411

Жайқалған әсем гүлдер қала көшелеріне сән беріп ғана қоймай, тұрғындарға да ерекше әсер сыйлайды.

Осы мақсатта биыл Тараз қаласын көгалдандыруға айрықша назар аударылып, ілкімді істер қолға алынып отыр. Бұл бойынша Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков те нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Осыған орай шаһарда көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айталық, бүгінге дейін қала аумағында орналасқан гүлзарлар мен саябақтарда 370 000 дана көп жылдық және мерзімдік гүлдер және 4 300 дана раушан гүл отырғызылды. Атап айтқанда, енді 89 500 дана цинита, 16 000 дана тагетис, 39 100 дана тагетис гүлі арнайы бордюрлерге, 46 560 дана сальвия гүлі, 42 600 дана петунья, 56 110 дана целозия гүлдері шаһарға шырай беретін болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.