Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заңгерлер штабының мүшелерімен кездесу

0 155

Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Заң консультанттар Палатасы Республикалық алқасының тапсырмасына сәйкес палата мүшелерінен «Әділ сайлау үшін» заңгерлер штабы құрылған. Штабтың басты мақсаттарының бірі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, консультативтік көмек көрсетуге, сайлау процесін сүйемелдеуге және ақпараттық-құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ аталған штабтың филиалдары еліміздің барлық облыс орталықтарында құрылып, өз жұмыстарын бастап кеткен.
Осыған байланысты жуырда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Палата төрағасы Шамсат Исабеков Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасында 200-ден аса заң консультанттары тіркелгенін, заңгерлері тек Тараз қаласы бойынша ғана емес, Жамбыл облысының 10 ауданында 50-ге жуық заң консультанттары қызмет ететінін атап өтті. Сонымен қатар Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелері сайлау науқаны кезінде өңірдегі сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ сайлаушыларға ҚР заң талаптарын түсіндірумен қатар оларды толғандыратын сұрақтарына жауап алуларына зор мүмкіндік беріліп отырғанын айтып өтті.
Кездесу соңында сайлау процесі кезінде туындауы мүмкін ықтимал мәселелер талқыланып, алдағы уақытқа екі жақты бірлескен жұмыс жоспары белгіленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.