Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылордада тұрғыннан әскери қызметшіден ұрланған қару табылды

0 585

Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен әскерилерге тиесілі қаруды тапты. Тұрғынның айтуынша, ол қаруды 2022 жылдың 5 қаңтарында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде тауып алған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында осы іске қатысы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі АК-74 және БП-25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелген.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.