Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

0 204

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қаңтарда Шымкент-Самара тасжолының 1397-шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында жол-көлік оқиғасы болды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды», – делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді жылдамдықты арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажет екенін ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.