Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызмет көрсету сапасы артты

0 1  983

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары 49 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде қағаз түрінде – 5, электронды түрде – 44 және мемлекеттік корпорация арқылы 11 қызмет көрсетілді. Ал 2023 жылдың ІV тоқсанында қала бойынша жергілікті атқарушы органдар 13 998 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 7 796-сы электронды, 487-сі қағаз түрінде көрсетілсе, 5 715 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы іске асты.

Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері 2 007 қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Сондай-ақ есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бой-ынша 239 түсіндірме іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес ІV тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде 2023 жылдың 6-17 қарашасы аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. 2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері өтті.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.