Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты»

0 418

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуінде Қазақстанмен ынтымақтастық туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сұхбат барысында «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Асқар Джалдинов Қазақстан мен Ресейдің көрші мемлекеттер ретіндегі қарым-қатынасының болашағы туралы сұрады.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, Президент Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты, – деп атап өтті Владимир Путин.

– Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындатқан ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90 пайызы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100 пайызға таяп қалды. Яғни бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша Президент Тоқаев біздің өзара іс-қимылды қолдайды. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар өтеді, – деп түйіндеді В.Путин.

kaz.inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.