Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыз ұзатқан Дариға Бадықова елді тәнті етті (видео)

0 340

Актриса Дариға Бадықова қыз ұзата бастады. Сан қырымен жұртты таңғалдырған Бадықова әншілікке кеше келмегенін мәлімдеді, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бадықова әлеуметтік желіде қыз ұзатып бара жатқан сәтінен видео жариялады.

«Көрініп ізгілігің,
Артта қап қыз ғұмырың,⠀⠀⠀
Тебіренттің бізді бүгін, Күнім!

Иә, мен қыз ұзатам еще. Қаншама арудың көзінен аққан мөлдір тамшының куәсі болдым. Қанша рет «Қыз – өріс» деген тағылымның тереңдігін сезіндім. Қанша қазақ қызының құтты орнына қонып, ең бақытты әйел болуын мына жұдырықтай жүрегіммен тіледім.
Мен қыздың жіңішке жолын ұғындыратын бұл тойдағы өз рөлімді жүрегіммен сезінемін. Жан-тәніммен беріліп кететінім сонша, ұзатылып жатқан арудың бүкіл сезімін өне-бойымнан өткіземін.

Как будто өзім ұзатылып бара жатқандай. Әншілікке кеше келгенім жоқ. Сонау ауылдан бері, бала кезімнен ән айтатынымды жақсы білесіздер. Муз драманы тәмамдағам», – деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, Бадықова жуырда әнші Серік Ибрагимовпен дуэт жаздырған еді. Алайда әлі де актрисаның әншілік өнерінен хабарсыз фанаттар көп болып шықты. Олар Бадықованың ән шырқағанына таңырқап, даусына тәнті болғандарын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.