Қытайдағы әуежайлардың бірінде бір топ фанаттар Димаш Құдайбергенге тосын-сый ұйымдастырды. Олар әншімен кездесу кезінде Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Болған оқиғаның үзіндісін Димаш желідегі парақшасында жариялады.
«Жастар менің әнімнің соңғы жолын қазақ тілінде айтқан кезде қатты таңғалдым», – деді Құдайберген.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар Димаштың бар жақсылыққа лайық екенін айтып, жылы тілектерін жаудырды.
«Сен әлемдегі үздік әншісің», «Ең әдемі адам», «Аргентинадан сәлем», «Сенің арқаңда барлығымыз қазақша ән айта аламыз», – деп жазды желі қолданушылары.