Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытайлық ғалымдар 6G желісінің қауіпі туралы айтты

0 225

Қытай ғалымдары 6G желісінде қолданылатын терагерц толқындарының әсері туралы айтып берді. Сөздерінше, терагерц толқынының сәулесінен ми жасушаларының өлшемі үлкеюі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Сынақ кезінде ғалымдар 100 микроватт толқынымен Петри тостағанындағы тышқан нейрондарын сәулелендірген. Нәтижесінде терагерц сәулеленуінің ең төменгі дозасы GluA1, GluN1 және SY-38 ақуыздарының бөлінуі мен белсенділігін арттыратыны анықталды. Аталған ақуыздар нейрондардың үлкеюіне әсер етеді. Терагерц толқындардың жиілігі 5G желісінде қолданылатын милиметрлік толқындардан әлдеқайда жоғары.

«Терагерц толқындар ақуыздармен тікелей байланысып, оларды тербеліске түсуге мәжбүрлей алады», – деді зерттеудің жетекші маманы Ли Сяоли.

Нейрондар өзгеріссіз қалғанымен, толқынның әсері ғалымдарда алаңдаушылық тудырған. Терогерцтік сәулеленудің кәрі тышқандар миына әсерін анықтау мүмкін болмаған. Дегенмен ғалымдар нақты қауіп туралы айтпас бұрын 6G желісін қосымша тексеру керегін айтады.

Сонымен қатар мамандар Ресей ғылым академиясының 2009 жылғы зерттеуіне сілтеме жасаған. Мұнда тәулігіне бірнеше сағат терагерц сәулеленуінің ми жасушаларында температураның көтерілуіне әкеп соғатыны айтылады.

Зерттеу барысында сәулоеленудің әсері тұрақты болмағаны анықталған. Алғашқы сәулененуден соң бірнеше күннен кейін жасушалардың өсуі жылдамдығы баяулаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.