Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғызстанда білім министрі ұсталды

0 410

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

«Аса ірі көлемде – 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.