Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғыз-өзбек шекарасында Қырғызстанның екі азаматы қаза тапты

0 157

Өзбекстан Республикасының шекарасын басып өтпек болған екі адам шекарашылардың қолынан қаза тапты деп жазды turkystan.kz zakonkz желісіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасының шекара қызметінің мәліметінше, Жалал-Абад облысының Дейрес ауылында бірнеше қырғызстандық Өзбекстан аумағына атпен жүкті заңсыз өткізбек болған. Өзбек шекарашылары оларды Өзбекстан Республикасының аумағындағы шекара сызығынан 500 метр жерде байқаған.

Контрабандашылар шекарашылардың талаптарына бағынбай, жүрісін тоқтатпаған. Тұтқындау кезінде жанжал шыққан. Өзбекстан Республикасының шекарашылары қару қолданып, салдарынан екі азамат қаза тапты. Қалған тәртіп бұзушылар Қырғыз Республикасының аумағына қашып кеткен.

Өзбекстан Республикасы шекара қызметінің мәліметінше, қырғыздар құны 20 мың доллардан асатын контрабандалық жүкті алып өтпек болған.

Анықталғандай, қаза тапқандар – Өзбекстанның тумалары, бірақ 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алған.

Екі елдің шекарашылары кездесіп, оқиғаға қатысты өз бетінше тергеу жүргізуге келісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.