Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеуді бастады» – ҰҚК

0 248

Қырғыз Республикасы қазақ сарбазының өліміне қатысты тергеу іс-шараларын бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовтыың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жазады turkystan.kz.

«2022 жылғы 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовты іздеу барысында оның мәйітін тапты.

Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердишовтың келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды.

Ү.ж. 9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.

Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.

2022 жылғы 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды», – делінген ҰҚК-нің хабарламасында.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұ.А. Бердишовтың туғандары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.