Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ясауи көшесін білесіз бе?

0 593

«Көше шежіресін қалыптастыру» жобасы аясында «Қайнар» алқабы, Қожа Ахмет Ясауи көшесінде «Көше күні» аталып өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Аталмыш көшенің бойында көпшілік алдымен қолөнер көрмесін тамашалады. Кейін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде өздеріне қажетті азық-түлікті арзан бағада алуға мүмкіндік алды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірінен театрландырылған көрініс кештің шымылдығын түрді.
Тараз қаласында қоғамның назарын қала көшелерінің тарихына аудару, әр көшенің өзіндік атауы мен сырын жұртшылыққа насихаттау, көшелердің тарихы туралы жастар танымын арттыру мақсатында өткізіліп отырған «Көше күндері» жобасы барысында «Менің көшемнің тарихы» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Бұл жолы шара №2 округке қарасты «Қайнар» алқабында орналасқан Пақырнама, «Диуани Хикмет» шығармаларын жазған, әзірет сұлтан атанған, филолог, діндар Қожа Ахмет Ясауидің атына берілген көшесінде өткізілді.
–Қожа Ахмет Ясауидің сарыны Асан Қайғыдан, Абайдан, сондай-ақ күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан және қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Бұл бастаманы округ тұрғындары игілікпен қарсы алды. Қаланың 11 округін қамтып жатқан шараның халыққа берері мол, – деді №2 округтің бас инспекторы Ескер Буралхиев.
Көпшілік «Көше күнінде» концерттік бағдарлама көріп, спорттық жарыстарғақатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеден керегін алып, үйлеріне мәре-сәре болып тарқасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.