Әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаеваның кітапхана қызметкеріне зекіп сөйлеп, жұлқығаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Продюсер Серік Абас-шах Facebook парақшасында жариялады.
«АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ:
Қарамағындағы қызметкерді жұрттың көзінше жұлқылап (сілкілеп) қорлап жатқан басшыбике(сымақ) кім деп ойлайсыз?
ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
- Шыңжаңдағы “қайта тәрбиелеу» лагерінің орыс тілді “надзирательі”
- Бас қала маңындағы “колония-поселение-нің” әпербақан басшысы,
- Мемлекеттік мекеменің психикалық ауытқушылығы анықталмаған директоры,
- “Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын”, антикордан қорықпайтын апашка,
- Арыстанбек Мұхамедиұлымен арадағы (сыйластық) жақындықты асыра пайдаланатын жұлқыма мінез(ді) атқамінербике,
- Мырзатай Жолдасбеков сияқты жағымпаз емес аташка мен Ермек Аманшаев секілді атқамінер ағашкалардың “рухани” қолдауын пайдаланып, өзі басқаратын мекемеде “білген ботқасын жеп жүрген” директорсымақ,
- Ұлттық академиялық кітапханасының зейнетке шыққысы келмейтін басшысы Үмітхан Мұналбаева,
- …сіздің нұсқаңыз?», — деп жазды ол.