Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құқық бұзған жасөспірімдер жазасыз қалмайды

0 188

Бүгінде облыс бойынша ойын-сауық орындары мен түнгі көшелерде рейдтер жүргізілуде. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды мақсат еткен шара барысында кәмелетке толмағандар жүретін ойын – сауық орындары, саябақтар, скверлер, аллеялар мен аулалар секілді барлық орындар ювеналды полицейлердің назарында болды.

Зерделеу нәтижесімен полиция қызметкерлері түнде серуендейтін жасөспірімдер ең көп баратын аумақтың ірі елдімекендерінде 100-ге жуық ойын-сауық орындарын тексерді. Олар тәртіп бұзушыларды полиция бөлімдеріне жөнелткен.

Аталған іс-шара барысында ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 80 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ 3 жасөспірім және 2 бала тұратын 1 қолайсыз отбасы есепке алынып, 104 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Сонымен қатар рейдтер кезінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды немесе азғындық өмір салтын ұстанатын ата-аналарды да анықтаймыз. Мұндай отбасылар ерекше бақылауымызда болады, біз білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, олардың оқуына, тәрбиесіне, жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге тырысамыз, ал кейбір жағдайларда балаларға жасалатын қатыгездіктің алдын алу мақсатында медициналық тексеруге жібереміз, – дейді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Әлішер Қалышев.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.