Visa және Mastercard 5 наурызда Ресейдегі жұмысын тоқтату туралы мәлімдеме жасады. Екі компания да санкцияларды қолдап, ресейлік банктер шығарған карталар бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Mastercard корпорациясы «Ресей банктері шығарған карталарға Mastercard желісі енді қолдау көрсетпейді» деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Ресейден тыс жерде шығарылған Mastercard карталары Ресей аумағында жұмыс істемейді.
«Біз Ресейдегі желілік қызметтерімізді тоқтату туралы шешім қабылдадық», – делінген хабарламада.
Компания Ресейдегі жұмысын заңнамалық шектеулер болмаған кезде қайта бастайтынын жеткізд.
Visa да осындай мәлімдеме жасады.
«Бұдан былай Visa Ресейдегі клиенттермен және серіктестермен жұмыс істеп, жақын күндері барлық Visa транзакцияларын тоқтатады. Процесс аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясында шығарылған Visa карталарымен жасалған барлық транзакциялар енді елден тыс жерде жұмыс істемейді», – делінген хабарламада.