Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вирус жұқтырғандардың көбі вакцина салдырмаған

0 390

Алматыда 16-28 маусым аралығында 352 коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелсе, оның ішінде вакцина алмаған адам саны – 222. Жылдың басынан бері қалада КВИ бойынша 55 322 жағдай тіркелген деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылғы 24 маусымдағы бірлескен бұйрығымен коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орын саны 135-ке дейін ұлғайтылды.

2022 жылғы 29 маусым күні таңертеңгі жағдай бойынша жұқпалы аурулар ауруханасында 48 пациент емделіп жатыр. Ауруханаға түскендердің ішінде 10 жүкті әйел бар, олардың ешқайсысы вакцина алмағандар. Үй карантинінде 269 пациент бар, олардың 80 пайызға жуығы вакцина алмағандар. Инфекция жұқтырғандардың арасында «стелс-омикрон» штаммы басым.

Болжам бойынша, бұл айналымдағы мутация инфекцияның үдемелі өсуін тудырады. Науқастардағы клиникалық сипатта көбіне мынадай симптомдар басым болады: дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік және т.б.

Бүгінде қаладағы медициналық ұйымдарда 96 вакцинация пункті және 175 вакциналау бригадасы жұмыс істейді. Алматыда вакциналану үшін келесі препараттардың дозаларын алуға боолады, олар: QazVac, Vero Cell, Pfizer.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.