Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцина алуға ынтасы жоқ тұрғындар қай өңірде?

0 363

Еліміздің қай өңірлерінің тұрғындары екпе алуға қарсы,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz  сайтына сілтеме жасап.

 Екпе егу Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында тым баяу жүріп жатыр. Үкімет басшысы бұл өңірлердің әкімдеріне халықты вакциналауда жұмысты күшейту туралы тапсырма берді.

Соңғы мәлімет бойынша елімізде 7 миллион бір жүз мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Бұл екпе алуға тиісті азаматтардың 71 жарым пайыздан астамы. Ал екі компонентті де алып ауруға қарсы иммунитеті қалыптасқан адам саны 5 миллион 900 мың. Маңғыстау облысында халықты вакциналау қарқыны тым төмен. Мәселен, екпенің бірінші компонентін небәрі 150 мың тұрғын алған. Ал 118 мыңнан аса азамат екінші компонентін салдырыпты. Қазір өңірде 38 егу кабинеті жұмыс істеп тұр. Маңғыстау облысындағы тұрғындардың екпе алуға ынтасы жоқ екенін мамандар да мойындап отыр. Әсіресе жекелеген ұжымдар арасында вакцинаға қарсылар өте көп. Мәселен, осыдан бір апта бұрын өңірдегі ірі энергетикалық комбинаттың 70-тен аса қызметкері екпе алмаймыз деп аттай тулаған. Облыстық денсаулық басқармасындағылар вакцинаның маңызын айтып жиі түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз деп отыр. Бірақ нәтиже шамалы. Алайда денсаулығы үшін алаңдап ешкім үгіттемесе де, өздері емханаға барып екпе алып жатқандар жоқ емес.

Халқы тығыз орналасқан өңірде 141 егу бекеті жұмыс істейді. 500-ге жуық маманы бар 80 көшпелі бригада бар. Дәрігерлердің айтуынша, елдің келіп жатқан вакциналарға сенімі жоғары. Мәселен, мамыр айында «Хайат Вактың» екі компонентін де жұрт жапа-тармағай салдырған. «Спутник V», «КороноВак» пен «Синофармға»да сұраныс жоғары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.