Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Вакцина алғандардың қаны күңгірттеніп кетеді»: Қазақстандықтар желідегі ақпаратты қызу талқылауда

0 649

Коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтардың қаны вакцина салдырмағандардың қанынан визуалды түрде ерекшеленетіні туралы хабарламалар желіде таралуда. Хабарлама мазмұнына сәйкес, екпе алған адамдарда оның түсі қою қызыл, қоңыр реңкті болады екен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Stopfake.kz порталының мәліметінше, бұл теорияның «дәлелі» ретінде «Вконтакте» әлеуметтік желісінде ProMed тобында жарияланған суреттер ұсынылған. Суретте түтіктерде веноздық және артериялық қан бар деп жазылған. Суреттің вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ.

Веноздық қан артериялық қанға қарағанда күңгірт, өйткені ол аз оттегімен қаныққан. Жүректен ағзаларға өтетін артериялық қан, керісінше, оттегімен қаныққан, соның нәтижесінде ашық қызыл реңкті болады.

Әртүрлі адамдарда қанның түсі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға, соның ішінде жасына, белгілі бір аурулардың болуына немесе болмауына байланысты.

Айта кетейік, әлемде 3.6 миллиард адам вакцина алды. Бұл адамдардың көбі антиденелерге немесе басқа сынақтарға қан тапсырды. Вакцинацияланған адамдардың қаны түсі бойынша ерекшеленетіні туралы ресми және ғылыми расталған хабарламалар болған жоқ.

Демек, вакцинацияланған адамдардың қаны екпе алмағандардың қанына қарағанда күңгірт екендігі туралы ақпарат фейк.

Суреттерде веноздық және артериялық қан арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.