Франция Президенті Макрон, Германия канцлері Шольц пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин онлайн кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесуде Қытай басшысы БҰҰ жарғысының мақсаты мен қағидаттарын ескере отырып, барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін мәлімдеді.
«Украинадағы соғысты тоқтатуға бар күшімізді жұмсауымыз керек. Қазір шиеленістің ушығып, бақылаудан шығып кету қаупі бар. Осыған байланысты біз Франция мен Германияның Украинадағы жағдайды реттеуге талпынып жатқанын қолдаймыз. Алайда, Батыс елдерінің Ресейге санкциясы пайда әкеледі деп ойламаймын. Оның кесірі біздің елге де тиіп жатыр. Қытай Ресейге өте қажетті стратегиялық өнімдер, оның ішінде жоғары технологиялық жабдықтар, құралдар мен шикізаттар жеткізіп бере алмайды. Ресей ыдыраса, кезек бізге келуі мүмкін. Соған алаңдаймыз. Ал Украинаның тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындаймыз», – деді ол.
Қытай басшысының осы сөзінен екі оттың ортасында қалғанын, екі жақпен де стратегиялық тепе-теңдікті сақтауға тырысатынын, алайда Ресеймен байланыста арақашықтықты сақтайтынын көруге болады.