Қалалық қоғамдық-саяси газет

Украина Ресейді 48 сағат ішінде шұғыл кездесуге шақырды

0 199

Киев 48 сағат ішінде Ресеймен және Вена құжатына қатысушы елдермен кездесуге сұраныс тастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Украина 11 ақпанда кешке Мәскеуден ел аумағына жақын аудандардағы әскери іс-қимылға түсініктеме беруді талап еткен еді. Кулеба Вена құжатындағы 16.1.2 бабына сүйене отырып Ресейден 48 сағат ішінде жауап беруін сұраған.

«Ресей Вена құжатына сәйкес сұраққа жауап бермеді. Біз келесі қадам жасамақпыз. Украина Ресей Федерациясы  және құжатттың өзге де қатысушы мемлекетерін 48 сағат көлемінде шекарамызға жақын аудандарға Ресей әскерінің жақындауын талқылауға шақырамыз», – деді министр өз Twitter-дегі парақшасында.

Соңғы бірнеше айдан бері АҚШ және Еуропа елдері Мәскеуді мәселенің ушығуына байланысты айыптап, шекарадан әскерін алып кетуді талап еткен.

Ал Ресей әскерилердің өз аумағында тек қауіпсіздік үшін орын ауыстырғанын айтқан.

Дмитрий Песков Мәскеу біртіндеп Украинаның әскери құрамын зерттеп жатқанын және мұның елді аландатып отырғанын айтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.